ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Bonds 2 by IQOS онлайн-диагностикасы

Онлайн-диагностика сервисі — Bonds 2 by IQOS құрылғыңызда қандай ақау барын өз бетіңізше анықтаудың оңай әрі жылдам тәсілі

Диагностиканы бастау

Зарядтауға қатысты проблемалар

Егер BONDS by IQOS құрылғысы зарядталмаса немесе тым баяу зарядталса:

  1. Тиісті қуаттандыру блогы мен зарядтау кабелін пайдаланып жатқаныңызға көз жеткізіңіз.
  2. Құрылғыны ноутбуктен немесе портативті аккумулятордан зарядтамаңыз.
  3. Құрылғы мен аксессуарлардың USB-порттары таза екеніне көз жеткізіңіз. Шаң мен кірді кетіру үшін оларды абайлап үрлеп тазартыңыз.

Ескертпе:
Егер құрылғы салқындату режимінде зарядталу үшін қуат көзіне қосылса, температура жұмыс диапазонына (0–40 °C) оралғанша аккумулятор зарядталмайды. Құрылғы салқындағанша 4 минут күте тұрыңыз.

Құрылғыны қайта жүктеу

BONDS by IQOS құрылғысын қайта жүктеу оның баяу немесе қате жұмыс істеуіне себеп болатын бағдарламалық іркілістерді жоюы мүмкін.

BONDS by IQOS құрылғысын қайта жүктеу үшін:
ON/OFF батырмасын 10 секунд бойы басып тұрыңыз, содан кейін жіберіңіз. Барлық индикаторлар қайта жанып, екі рет баяу жыпылықтап, содан кейін батарея зарядының деңгейін көрсетіп, біртіндеп жанған кезде қайта жүктеу расталады.

Индикаторлар мен сигналдардың мәні

BONDS by IQOS құрылғысындағы индикаторлар орын алған проблемаларды көрсетеді:

  • Жарық жоқ: құрылғы өшірулі немесе батарея заряды таусылған.
  • Сары/қызғылт сары индикатор 3 рет жыпылықтайды: батарея заряды төмен.
  • Қызыл түсті жыпылықтаған индикатор: құрылғы қатесі (оны қайта жүктеу арқылы түзетуге болады) немесе құрылғы тым баяу зарядталуда.
  • Барлық индикатор ақ түспен 2 рет жыпылықтайды: құрылғы рұқсат етілген температура диапазонынан (0–40°C) тыс тұр. Оның салқындауына немесе жылынуына мүмкіндік беріңіз.
  • Индикаторлар бірқалыпты жанып-өшеді (жоғары-төмен): құрылғы салқындату режимінде (қатарынан 3 сеанстан кейін қосылады). Оған 4 минут бойы салқындауға мүмкіндік беріңіз.

Стиктерге қатысты проблемалар

Стикті белгіге дейін дұрыс салыңыз (сүзгі сыртта қалуы керек) — және пайдаланған кезде оны қозғалтпаңыз.

Темекісіз стикті пайдаланған кезде, дұрыс қыздыру режимі таңдалуы үшін оны алдын ала қыздыру басталған сәттен бастап 7 секунд ішінде салу қажет.

Егер стик бірден салынбаса, алдын ала қыздыру бірнеше секундқа ұзағырақ созылады.

Егер стик дұрыс орналасса да, оны салу қиын болса, келесідей әрекет жасап көріңіз:

  1. Қақпақты ашыңыз.
  2. Алдын ала қыздыруды бастау үшін батырманы басып, 2 секунд ұстап тұрыңыз.
  3. 3–4 секунд күтіңіз.
  4. Содан кейін стикті абайлап салыңыз.

Ескертпе:
Егер темекісіз стик алдын ала қыздыру басталғаннан кейін 7 секундтан кешірек салынса, құрылғы автоматты түрде әдеттегі темекі қыздыру режиміне ауысады. Егер дәмге немесе аэрозольдің түзілуіне қатысты проблемалар туындаса, шығын материалдарын пайдалану ережелерімен танысыңыз немесе жаңа ашылған қаптамадан басқа стикті пайдаланып көріңіз.

Bonds 2 by IQOS құрылғысын жайлы әрі қауіпсіз пайдалану үшін

Пайдаланушы нұсқаулығы мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық Bonds 2 by IQOS құрылғысын қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсетеді.

Пайдаланушы нұсқаулығы Қауіпсіздік техникасы

Bonds 2 by IQOS жайлы тағы да сұрақ бар ма?

Біз хабарларға күн сайын сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жауап береміз

E-mail арқылы қолдау

Бізге өз сұрағыңызды жіберіңіз info@iqos.kz

Telegram

Бізбен Telegram арқылы хабарласыңыз IQOSKZ_Support_bot

Телефон арқылы қолдау

Бізге мобилді телефоннан мына нөмір бойынша 2121

Blends стиктерін IQOS құрылғыларымен пайдаланбаған жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.