IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«Сервистер және артықшылықтар» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу ережелері

1.09.2025 жылдан бастап жарамды


1.1 Бағдарламаны «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – «ФМҚ») Қазақстан Республикасының аумағында қатысушының kz.iqos.com веб-сайтына (бұдан әрі – «Сайт»), 2121 нөмірі арқылы қолдау қызметіне (бұдан әрі – «Қолдау қызметі»), ФМҚ ішкі сауда объектілеріне (бұдан әрі – «IQOS ресми дүкендері») және ФМҚ-мен жасалған шарттар негізінде тиісті қызметтер көрсететін серіктестердің ішкі сауда объектілеріне жүгінуі арқылы өткізеді, серіктестердің тізімі мына сілтеме бойынша берілген: (бұдан әрі – «серіктес дүкендері»).

1.2. Бағдарламаға 21 жастан асқан және мынадай өлшемшарттардың барлығына сәйкес келетін кез келген жеке тұлға қатысушы бола алады (бұдан әрі – «Қатысушы»):

a) IQOS ФМҚ жүйесінің пайдаланушылар дерекқорына (бұдан әрі – «ФМҚ дерекқоры») тіркелген.

b) ФМҚ дерекқорында (байланыстырылған құрылғы) тіркелген, сериялық нөмірі бар, темекіні қыздыру жүйесінің кемінде бір электрлік жүйесі, IQOS ILUMA немесе IQOS ILUMA I (бұдан әрі – «Құрылғы») бар.

1.3. Қатысушыға бағдарлама шеңберінде мына артықшылықтар мен қосымша қызметтер (бұдан әрі – «Қызметтер») қолжетімді:

a) осы ережелердің 5-бабында көрсетілген тәртіппен құрылғыларды халықаралық қолдау;

b) осы ережелердің 4-бабында көрсетілген тәртіппен құрылғының кепілдікті емес жағдайлары туындаған кезде қызмет көрсету;

c) қатысушы құрылғыны сатып алған сәттен бастап, пайдаланудың бірінші айында телефон арқылы құрылғыны пайдалануға қатысты кеңес беру үшін қолжетімді болатын қолдау қызметінің жеке кеңесшісі көрсететін қызмет (құрылғыны алғаш сатып алған қатысушыларға ғана арналған);

d) Hypercare — қашықтағы байланыс арналарын пайдалана отырып, жаңа пайдаланушыларды қолдау бағдарламасы: егер қатысушы электрондық пошта арқылы құрылғыларға қатысты хаттар алуға келіскен жағдайда, тұтынушылар дерекқорына тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық нысанда берілетін құрылғыны пайдалануға қатысты ақпарат пен ұсыныстар;

e) өзін-өзі диагностикалау құралы: қатысушыға құрылғының белгілі бір мәселелерін диагностикалауға және шешуге көмектесетін ақпаратты қамтитын онлайн құрал;

f) ауыстыру үшін құрылғыны тегін жеткізу: диагностика нәтижелері бойынша құрылғыны ауыстыру қажет болса; Қатысушы кепілдікті жағдайлар аясында құрылғыны ауыстыруға құқылы, бұл қызмет құрылғыны ауыстыру үшін тегін жеткізуді қамтамасыз етеді.

1.4. Кез келген қызметті пайдаланып, қатысушы бағдарламаның осы ережелерін сақтауға келіседі. Сол сияқты қатысушы басқа құрылғыны тіркесе немесе егер ФМҚ осы шарттарды өзгертсе, сондай-ақ қатысушы кез келген қызметті пайдалануды жалғастырса, қатысушы осы ережелерді сақтауға келіседі.

1.5. Егер қатысушы жоғарыдағы 1.2-тармақта аталған өлшемшарттардың кем дегенде біреуіне сәйкес келмесе, қатысушының бағдарламаға қатысуы аяқталады.

1.6. Бұл ережелер ФМҚ қалауы бойынша өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Жаңартылған ережелер сайтта жариялаған және IQOS ресми дүкендері мен серіктестің дүкендерінде орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

1.7. ФМҚ қосымша ескертпей және себептерін түсіндірмей бағдарламаны өткізуді тоқтату немесе шарттарды өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

2. Құрылғыларға қойылатын талаптар/тіркелу

2.1. Құрылғылардың мына үлгілері бойынша қызметтер қолжетімді:

a) IQOS ILUMA, IQOS ILUMA PRIME, IQOS ILUMA ONE;

b) IQOS ILUMA i, IQOS ILUMA PRIME i, IQOS ILUMA ONE i;

c) Қазақстан Республикасындағы ФМҚ-да ресми ұсынылған кез келген басқа электрлік темекіні қыздыру жүйесі.

2.2. Құрылғының сериялық нөмірі оқылатын және жарамды болуы керек.

2.3. ФМҚ дерекқорына тіркелу барысында қатысушы барлық қажетті ақпаратты дәл және толық нысанда ұсынып, оны өзекті күйде сақтауы қажет. Қатысушы өтінім нысанындағы міндетті өрістерді (жасы, шылым шегушінің мәртебесі, электрондық пошта мекенжайы және/немесе телефон нөмірі) толтырмаса, қатысушыны ФМҚ дерекқорына тіркеу туралы өтінім қаралмайды. Егер қатысушы дәл емес немесе толық емес ақпарат ұсынса, ФМҚ қатысушыға қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.

2.4. Қызметтер тек бағдарламаға қатысушыға ұсынылады және үшінші тұлғаларға көрсетілмейді.

3. Қызметтерді пайдалану кезеңі

3.1. Қатысушы құрылғыны немесе құрылғы компонентін ауыстыру мүмкіндігін тек құрылғының (Қазақстан Республикасының аумағы үшін жасалған) кепілдік мерзімі ішінде ғана пайдалана алады.

3.2. Егер қатысушы осы ережелердің кез келгенін бұзса, ФМҚ қатысушыға қызметтерді ұсынудан бас тарта алады.

4. IQOS құрылғыларына халықаралық қолдау көрсету тәртібі

4.1. Қатысушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан және құрылғыларға қатысты халықаралық қолдау көрсететін құрылғыларды ресми сату орындарына құрылғының кепілдікті жағдайға жататын ақауына байланысты оған сервистік қызмет көрсету өтінішімен жүгінуге құқылы.

4.2. Құрылғыда ақау болса және халықаралық қолдау көрсететін елдер тізімін нақтылау керек болса, қатысушы халықаралық желіге +‪4121547888‬8 нөмірі бойынша хабарласады. Халықаралық желіге қоңырау шалу ақысын қатысушы өз есебінен төлейді.‬‬‬‬

4.3. Қатысушы халықаралық желіге жүгінген кезде, құрылғы сатып алынған ел ретінде Қазақстан Республикасын таңдайды.

4.4. Қазақстан Республикасының IQOS қолдау қызметі сервистік қызмет көрсету мүмкіндігін және құрылғыны ауыстыру қолжетімділігін растаған кезде, ол өтінімді қатысушы орналасқан елдегі қолдау қызметіне жібереді.

4.5. Орналасқан елдегі қолдау қызметі қатысушыға хабарласады, Қазақстан Республикасының IQOS қолдау қызметінің жасаған өтініміне сәйкес сервистік қызмет көрсетеді.

4.6. Сервистік қызмет көрсету аясы, соның ішінде құрылғылардың қолжетімділігі орналасқан елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бұл қызмет заңды құқықтарыңызға және Қазақстан Республикасында әрекет ететін құрылғыға арналған кепілдік құқықтарына әсер етпейді.

4.8. Құрылғыны Қазақстан Республикасынан тыс жерде сатып алған және осы ережелерге сәйкес қатысушылар болып табылмайтын 21 жасқа толған немесе одан асқан жеке тұлғалар құрылғыға сервистік қызмет көрсету өтінішімен қолдау қызметіне, IQOS ресми дүкендеріне және Қазақстан Республикасындағы серіктестің дүкендеріне жүгінуге құқылы.

5. Қатысушының міндеттемелері.

5.1. Қатысушы мыналарға келіседі:

a) ФМҚ қызметкерлерін қоспағанда, өзінің есептік жазбасының деректерін үшінші тұлғаларға бермеу;

b) құрылғыны ауыстырған жағдайда, ауыстырылған құрылғы ФМҚ меншігі болып саналатынына, ал берілген құрылғы қатысушының меншігіне өтетіне;

c) қолданыстағы заңнаманы сақтау.

6. Басқа шарттар.

6.1. Қазіргі уақытта қызметтер тегін ұсынылады.

6.2. Қатысушылар ұсынатын дербес деректерді өңдеу туралы толық ақпарат «Тұтынушылардың дербес деректерінің құпиялығын сақтау туралы хабарландыруымызда» сипатталған. Оны құпиялылық туралы хабарландыру мекенжайы бойынша қарауға болады.

6.3. Осы ережелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Мәселелер туындаған жағдайда, 2121 қысқа нөмірі бойынша клиенттерді қолдау қызметіне қоңырау шала аласыз немесе Telegram-дағы IQOSKZ_Support_bot чат-ботына жаза аласыз не IQOS фирмалық дүкендері мен серіктестің дүкендеріне жүгіне аласыз.


«Кеңейтілген кепілдік» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу ережелері

1. Кеңейтілген кепілдік бағдарламасына қатысатын құрылғылар үшін кепілдікті емес жағдайлар туындаған кезде құрылғыға сервистік қызмет көрсету тәртібі.

1.1. Кеңейтілген кепілдік бағдарламасына IQOS club (IQOS club бағдарламасы туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады) бағдарламасының қатысушылары қатыса алады.

1.2. Егер IQOS ILUMA i PRIME құрылғысы, зарядтау құрылғысы немесе ұстағыш кездейсоқ әрі абайсызда зақымдалып, бұл оның функциялығына әсер етсе және дұрыс пайдаланбау салдарынан болмаса, осы модель кеңейтілген кепілдігі бар құрылғылар тізіміне енгізілген жағдайда, бағдарламаға қатысушы сервистік қызмет көрсету туралы өтінішпен (бұдан әрі – «Тауар») IQOS ресми дүкеніне, серіктестің дүкендеріне бара алады немесе сайтқа кіре алады.

1.3. Әдепкісінше кепілдік берілмеген жағдайда құрылғы ауыстырылмайды.

Алайда кеңейтілген кепілдік бағдарламасына қатысатын IQOS ILUMA i PRIME модельдері үшін кепілдікті және кепілдікті емес жағдай туындаған кезде, құрылғыны немесе оның компонентін сатып алынған күннен бастап 2 жыл ішінде бір рет ауыстыруға болады.

1.4. Құрылғыны ауыстыру рәсімінің шеңберінде қатысушыға сондай типті құрылғы ұсынылады. Сондай типті құрылғыға ауыстыру мүмкін болмаса, зақымдалған құрылғыға функциялық жағынан баламалы санаттағы құрылғы беріледі. Егер құрылғы компоненттерінің тек біреуі, мысалы, IQOS ILUMA i PRIME құрылғысының ұстағышы немесе зарядтау құрылғысы зақымдалған болса, зақымдалған компонент ғана ауыстырылады. Құрылғының зақымдалған компоненттері ФМҚ-да қалады.

1.4. Кепілдікті емес жағдайларға қатысты шектеулер:

a) Қатысушыға нұсқауларға және пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес құрылғыны пайдалану және оған қызмет көрсету қажет. Осы тармақ сақталмаса, қатысушы құрылғыға сервистік қызмет көрсету бойынша жүгінген сәтте көмек алмауы мүмкін.

b) Кепілдікті емес жағдай бойынша ауыстыру бір рет және кеңейтілген кепілдік бағдарламасына қатысатын модельдер үшін ғана ұсынылады. Осыдан кейін ауыстыру мүмкіндігі тоқтатылады, бірақ кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін басқа кепілдік міндеттемелерінің барлығы сақталады.

c) Қатысушы мына жағдайларда құрылғыны ауыстыра алмайды:

• Қатысушы осы ережелердің 2.1-тармағында келтірілген құрылғылар тізіміне кірмейтін өнімді ауыстыруға ұсынды.

• Құрылғы оны дұрыс пайдаланбау немесе модификациялау және өзгерту әрекеті, кернеу секірісі нәтижесінде зақымдалған; құрылғының сериялық нөмірі өзгертілген, бүлінген немесе жойылған.

• Құрылғы ФМҚ мақұлдамаған тәсілмен ашылған, модификацияланған немесе өзгертілген.

• Құрылғыда оның функциялығына әсер етпейтін косметикалық зақым ғана бар, оның ішінде микро жарықшақтар, сызаттар, ойықтар, шеттеріндегі сынған пластик және жабын түсінің кетуі, құрылғының қалыпты тозуы және/немесе қолданылуы салдарынан болатын зақым немесе сыну, бірақ бұлармен шектелмейді.

• Ақау құрылғыны сәйкес келмейтін өніммен қолданудан туындаған.

1.5. Осы ережелердің 1.4-тармағында (Шектеулер) берілген шектеулер Халықаралық Қолдау (International Assistance) бағдарламасының аясында кездейсоқ зақымдалғанда кездегі ауыстыру жағдайына қолданылады.



Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.